ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Украина Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Киевте ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Украинаның жаңадан сайланған Президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсіміне қатысты.
None
None

Осы сапары аясында Үкімет басшысы бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Украина Премьер-Министрі Арсений Яценюкпен келіссөздер барысында қазақстандық-украиндық қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму болашағының мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Еуропалық Кеңес төрағасы Херман Ван Ромпеймен кездесуі барысында К.Мәсімов Қазақстан мен Еуропалық одақтың екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әр нығайту және кеңейту мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар