ҚР Премьер-Министрі Қарағанды облысына келді

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әуежайда Үкімет басшысын Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин қарсы алды. Үкімет басшысының сапары барысында оның қасына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасы Нұрлан Алдабергенов, «Сарыарқа» ӘКК төрағасы Вадим Зверьков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Владимир Нехорошев пен Ерлан Нығматулин еріп жүр.Премьер-Министрдің жұмыс сапары бағдарламасындағы алғашқы нысан ? Қарағанды қаласындағы «Гүлдер» шағынауданында орналасқан жаңа емхана. Бұл заманауи медициналық кешен, оның құрамында алдын алу, жалпы практика дәрігерлері, балалар және ересектер бөлімдері, сондай-ақ диагностикалық бөлімше мен күндізгі стационар бар. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд-тан астам теңге бөлінді. Ол 60 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетеді және бір ауысымда 1 мыңға тарта келушілерді қабылдауға мүмкіндік береді. Енді шағынаудан тұрғындары тұрғылықты жерінде дәрігерлік көмек алуға қол жеткізді. Емхана жаңа медициналық аппараттармен жарақтанған, оған 150 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Мұнда 300-ге тарта дәрігер мен медбике 23 мамандық бойынша сырқаттарды қабылдайды.Бұдан бұрын хабарланғанындай, Премьер-Министр Қарағанды облысында бірқатар өндірістік нысандарда болады, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығымен өтетін кеңеске қатысады, онда өндірістік үдерістерді тұрақтандыру және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі бесжақты меморандумның орындалу барысы қаралады. Үкімет басшысы жұмыс сапарының басты мақсаты - аймақта дағдарысқа қарсы бағдарламаның жүзеге асырылу барысымен танысу.
Соңғы жаңалықтар