20:59, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Қарағандыда бірқатар кәсіпорындардың жұмыстарымен танысты
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында облыс орталығында бірқатар кәсіпорындарда болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Үкімет басшысы Қарағанды ағаш өңдеу комбинатының, «Минова-Қазақстан» БК ЖШС жұмыстарымен танысты. Осы кәсіпорындарда заманауи технологиялар енгізілген. Олар шығарған өнімдер қаржылық дағдарыс жағдайында сұранысқа ие болып отыр. Бұл жерде одан әрі даму бағдарламасы бар.Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты конструкциялық клеенкалы бөрене өндірісіне, сондай-ақ панелді ағаш үй құрылысына мамандандырылуда. Құны 1,747 млрд. теңге болатын осы жобаны «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-мен бірлесіп 2005 жылдан бері іске асырып келеді. Комбинаттың жұмысын таныстыру барысында, осындағы ағаш панелдерден салынған үйлердің құрастырылуының қолайлылығын және өзіндік құнының төмендігін ескергенде оны «Нұрлы көш» республикалық бағдарламасына пайдалануға болатындығы аталды. «Минова-Қазақстан» бірлескен кәсіпорыны тау-кен салаларында сұранысқа ие болып отырған өнімдерді шығарумен айналысады. Бұлар ? кен өндіру анкерлік бекігіштерге арналған полиэфирлі ампулалар, болат полимерлі анкерлік бекігіштер, ПУР-патрондар. Сондай-ақ шатырлар мен құбырлардың гидрожылу оқшаулағыштары әзірленеді. Сонымен қатар, «Минова-Қазақстан» Қарағанды облысы мен еліміздің басқа да аймақтарындағы тау-кен кәсіпорындары үшін химиялық нығыздау, күмбездер мен кені игерілген кеңістіктерді толтыру жұмыстарын орындайды. Жұмыс сапарының соңында Премьер-Министр көкөніс қоймасында болды. Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен жылы іске қосылған болатын. Осы нысанның маңызды әлеуметтік мәні бар, өйткені ол көкөніс өнімдерінің бағаларын ырықтандыру үшін жұмыс істейді.Осы бағдарламамен К.Мәсімовтің жұмыс сапары аяқталды. Бұған дейін хабарланғанындай, аймақтарға жұмыс сапары барысында дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру, еңбекпен қамту, жұмыссыздыққа жол бермеу мәселелері Үкімет басшысының назарында болып отыр. Қарағанды облысында көргендеріне Премьер-Министр риза болды, ол алға қойған міндеттерді орындау бойынша аймақ басшыларының жақсы жұмыстарын атап өтті.