ҚР Премьер-Министрі Қарағандыда инновациялық фармацевтік кешеннің жұмысымен танысты

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жасаған сапары барысында облыс орталығындағы «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінде болды.
None
None

Үкімет басшысы Президенттің тапсырмасы бойынша негізі қаланған инновациялық фармацевтік кешеннің жұмысымен танысты. Оған даяр өнімнің сапасын бақылауды қоса алғанда препараттар өндірісінің бүкіл циклі, сондай-ақ Республикалық биологиялық белсенді заттар қоры және дәрі құралдарының стандартты үлгілері көрсетілді.

«Бүгінгі күні кешен 14 ғылыми-зерттеу бөлімшені өзіне қамтиды. Оның өндірістік учаскелері жылына 2 млн ампула, 150 млн. таблетка мен капсула, 2 млн, жұмсақ дәрілік пішіндер, 43 бірегей бәсекеге қабілетті фитопрепараттарды шығаруға мүмкіндік беретін әлемдік өндірушілердің замамнауи фармацевтік құрал-жабдықтарымен жарақталған», - деп К.Мәсімовті хабардар етті «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ басқарма бастығы Серғазы Әдекенов.

Осымен, ҚР Премьер-Министрінің Қарағанды облысына жұмыс сапары аяқталды.

Соңғы жаңалықтар