ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ІІІ Астана экономикалық форумының қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізді

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ІІІ Астана экономикалық форумының қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметі.
None
None

Сыртқы сауда істері жөніндегі Мемлекеттік хатшы Анн-Мари Идрак бастаған Француз Республикасының делегациямен кездесу барысында әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдай жөнінде пікір алысылды, сондай-ақ қазақстан-француз индустриялық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің БҰҰ-ның өнеркәсіп даму жөніндегі Ұйымының бас директоры Кандэ Юкмелламен кездесуінде энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.

К.Мәсімовтің Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Мохаммед Яхия Маруфимен кездесуінде аймақтық экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар