ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов республикалық кеңес өткізді

СТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен әлеуметтік саланы басқаратын облыс әкімдері орынбасарларының, облыстық денсаулық сақтау басқармалары бастықтарының, мемлекеттік және жеке медицина мекемелерінің және денсаулық сақтау қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен денсаулық сақтау мәселелеріне арналған республикалық кеңес болып өтті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
None
None

Кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жасаған 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасын егжей-тегжейлі қарады.

«Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі ретінде жасалды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткеніндей, халық денсаулығы Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі табыстарының ажырамасы бөлігі болып табылады.

Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің хабарламасы бойынша, оның негізгі мақсаты Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру. Денсаулық сақтауды жаңарту мен реформалаудың бағыттары ретінде мыналар ұсынылады: азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін көтеру; алдын алу шараларын күшейту, скринингілік зерттеулер өткізу, диагностиканы, емдеуді және негізгі әлеуметтік-маңызды ауруларды оңалтуды жетілдіру; санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру; Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыру, басқару және қаржыландыруды жетілдіру; медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру; медициинада инновациялық технологияларды енгізу және дамыту; халық үшін дәрі-дәрмектердідің сапасын және қолжетімділігін арттыру. Сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыруға алдағы бесжылдық кезеңде мемлекеттік бюджеттен 550 млрд. теңгедей бөлу көзделеді.

Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, осының нәтижесінде Қазақстанның әрбір азаматы сапалы және заманауи медицинаға қол жеткізеді, оның отбаслық дәрігері мен медбикесі болады, ол өзіне дәрігерді, стационарды немес емхананы еркін таңдай алады, алдын ала қаралудан толық тегін өтеді, әйелдер үшін баланы күтуге берілетін жәрдем арттырылады, пациент ретіндегі оның құқығы арнайы институтпен қорғалады.

Бұдан басқа, медициналық-әлеуметтік проблемалармен әлеуметтік қызметкерлер айналысады, дәрі-дәрмектер жеңілдікпен берілуі, тағам өнімдерінің тепе-теңдігі, егілуімен жаппай қамтылу, спортпен айналысу қамтамасыз етіледі, жедел медицина және санитарлық авиация құрылады.

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов атап өткендей, мұндай бағдарламаны қабылдау алға үлкен қадам, оның көптеген оңды сәттері бар, алайда оны білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін дамыту жоспарларымен мұқият үйлестіру қажет. «Осы үш бағытты үйлестіре отырып қана халық денсаулығын жақсартуда нақты көрсеткіштерге жетуге болады», деп мәлім етті Кәрім Мәсімов мемлекеттік бағдарлама жобасын талқылауды қорытындылай отырып.

Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігіне бір ай мерзімнің ішінде жобаны келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу, халықпен және БАҚ-пен жария талқылау нәтижелері бойынша мемлекеттік бағдарлама жобасын пысықтауды және оны ағымдағы жылғы шілде айында Үкімет отырысында қарауға ұсыну жөнінде тапсырма берді, одан әрі құжат Мемлекет басшысының бекітуіне жіберіледі.

Жобаны талқылауға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Еркін Дүрімбетов, Ұлттық медцина қауымдастығының президенті Айжан Садықова, «Қазақстанның ФармМединдустриясы» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов, Қазақ ұлттық тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова, денсаулық сақтау қызметкерлері республикалық кәсіподағының төрайымы Мереке Бутина, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының денсаулық сақтауды дамыту стратегиясы департаментінің жетекшісі Манфред Хьюбер, Астана қаласындағы №1 қалалық емхананың бас дәрігері Күлжан Анасова мен Қарағанды қаласы алғашқы медициналық көмек қалалық орталығының бас дәрігері Татьяна Баширова, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Рафальский, Талдықорған қаласындағы «Нұр Авиценум» мемлекеттік емес медицина орталығының бас дәрігері Владимир Крайсман және Алматы қалалық №7 ауруханасының бас дәрігері Иван Ли қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаның жобасы бұдан бұрын аймақтық және салалық деңгейлерде кеңінен талқыланды.

2011-2015 жылдарға арнғалған «Салауатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы маусымның 18-індегі Жарлығына сәйкес Қазақстанда нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу ауқымында жасалып отыр.

Соңғы жаңалықтар