ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов украиндық кәсіпкерлерді Қазақстанда жұмыс істеуге шақырды

ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов украиндық кәсіпкерлерді Қазақстанда жұмыс істеуге шақырды.
None
None

«Егер украиндық кәсіпорын Қазақстан аумағында жұмыс істеуге ниет танытып жатса, онда біз сіздердің келгендеріңіз үшін қуанышты боламыз. Сіздер қазақстандық резидент болсаңыздар, онда бизнесті дамыту жөніндегі қазақстандық бағдарлама жеңілдіктерін ала аласыздар», - деді ол бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Украина бизнес форумында.

Өз сөзінде әлемдік қаржы дағдарысы күшейіп тұрған 2008-2009 жылдары мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламаларға кеңінен тоқталған К.Мәсімов. «Біз өзара іс-әрекетте біршама тәуір тәжірибе жинадық. Бизнесті дамытуды ынталандыру үшін қаржы құйылып, бірқатар салықтық қаулылар шығарылды және басқа да бағдарламалар жасалды», - деді.

Соңғы жаңалықтар