ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

sp;ОРАЛ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін желтоқсанның 19-ында жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.
None
None

Үкімет басшысы алдымен Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында табиғи газ алауын жағу рәсіміне қатысады. Содан кейін Теректі ауданы Пойма ауылындағы «Батыс Күнбағыс» АҚ өсімдік майын өндіретін зауытында, Орал қаласындағы «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да, облыстық аурухананың көз аурулары бөлімшесінде, жаңадан ашылған балабақшаларда болады. Сондай-ақ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне ат басын тіреп, экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі мәжілісіне қатысады.

Соңғы жаңалықтар