ҚР Премьер-Министрі ҚХР делегациясымен елдер арасындағы аймақтық іс-қимыл жөнінде пікір алмасты

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚПК ОК Саяси Бюросының мүшесі, ҚПК ОК хатшысы Лю Юньшань бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясымен кездесті, деп хабарлады ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты сауда-экономикалық, шекаралық, сондай-ақ аймақтық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету мәселелері бойынша пікір алысылды.

Тараптар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао қол жеткізген уағдаластықтардың ойдағыдай жүзеге асырылатынына және қазақстан-қытай стратегиялық әріптестігі одан әрі нығаятынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар