ҚР Премьер-Министрі Корея Республикасына ресми сапар жасайды

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Шілденің 19-ы мен 21-і аралығында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Корея Республикасына ресми сапар жасайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі  Ержан Ашықбаев мәлім етті,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, сапар барысында ҚР Үкімет басшысы Корея Республикасының басшылығымен кездесулер өткізеді.

«Сеулдегі алдағы келіссөздердің негізгі мазмұны, күтіліп отырғанындай, сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың үстіміздегі жылғы мамырдың 12-сі мен 14-і аралығында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге  асыру  мәселелері  болып  саналады», -  деді Е. Ашықбаев.

Соңғы жаңалықтар