ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысына жұмыс сапарын «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-да болудан басталды

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – ҚР Премьер-Министрінің Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарының бағдарламасы «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-да болудан басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сарыбай кен басқармасының директоры Александр Шумин темір кенін ашық тәсілмен өндіретін кәсіпорынның жұмысы туралы әңгімелеп берді. Ол Премьерге 2009 жылдың инвестициялық бағдарламасы шамамен 40 млн. долларды құрайтынын хабарлады ? бұл қаражат Оңтүстік кен басқармасының құрылысына жұмсалатын болады.Үкімет басшысы Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің кадрлық саясатына көңіл қойды. «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті Мұхамеджан Тұрдахунов кәсіпорында бірде-бір адамның қысқартылмайтынын мәлімдеді. Негізгі өндірістің қысқартылуына байланысты босаған жұмысшылар кен басқармасына және «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның басқа да жаңа өндірістеріне жіберіледі.ҚР Премьері байқау алаңында болып, кеніштегі жарылыс жұмыстарының жүргізілуін бақылады. Бұдан кейін ол зауыттың металл прокаты құрылысы алаңында және «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ жылу электр стансысында болады.Өткен жылдың қазан айындағы әлемдік дағдарыс Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігін қоса алғанда Қазақстанның көптеген тау-кен-металлургия кәсіпорындарына да әсер етті.Кәсіпорында өндірісті қайта құрылымдау және жұмысшылардың жұмыстан босауына жол бермеу бойынша бірқатар іс-шаралар қабылданды. Бірлестіктің дағдарысқа қарсы бағдарламасы шығындарды оңтайландыруды, өнімнің сапасы мен еңбек өнімділігін арттыруды қамтиды.Бүгінгі күні инвестициялық бағдарлама аясында 246 миллион АҚШ доллары игерілді. Жасалған шартқа сай негізгі әріптестері ? Магнитка мен Қытайға жүк жөнелту жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар