ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысындағы әлеуметтік-мәдени саланың жұмысын тексерді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық мұражай қызметімен танысты, деп хабарлайды Pm.kz.
None
None

Әлеуметтік-мәдени саланың елеулі нысандарының жұмысы мен жай-күйін бағдарлаған Премьер-Министр облыс мектептерінде енді еңбек жолын бастайтын Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық оқу орнының түлектерінің ұстаз мәртебесін иелену шарасына қатысты.  

Ы.Алтынсарин атындағы мұражай қазақ педагогының атажұртында 1991 жылы ашылған, мұнда мұражай заттары мен коллекцияларын сақтау, оларды зерттеу және көпшілік назарына ұсыну бойынша жұмыстар табысты атқарылуда. Мұражай жұмысында Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының танымалдылығын арттыру белсенді бағытқа айналды.

Қостанай облысының музейлерінде барлығы 187 975 экспонат сақталып отырғанын айта кеткен жөн.

Қазақстан мұражайларында көрме жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді: өткен жылы 7 946 көрме ұйымдастырылса, оның 832-сі Қостанай мұражайларында өткен. 


2015 жылы еліміздегі барлық мұражайлар бойынша 5 719,9 келіп-кету тіркелген, оның ішінде Қостанай облысында тіркелгені - 376,7 мың.

null null  

Соңғы жаңалықтар