ҚР Премьер-Министрі қуаттылығы 75 мегаватқа артатын Атырау жылу электр стансысында болды

АТЫРАУ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жылу электр стансысының қуаттылығын арттыру бойынша ірі жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.
None
None

ЖЭС кеңейту бойынша жүзеге асатын жобаға әрқайсысы 25 мегаватт қуаттылықтағы үш турбина мен сағатына 220 тонна бу шығаратын екі қазан агрегаты кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа турбиналардың алғашқысын былтыр облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан еді. Премьерге бүгінгі таңда турбинаның жалпы қуат жүйесіне қосылып, 23 мегаватт электр қуатын шығаратындығы жайлы айтылды. Жаңа қазандықтардың біреуі жұмыс істеуде.

«Атырау ЖЭО» АҚ президенті хабарлағанындай қалған жабдықтарды монтаждау жұмыстары да жоспар бойынша жүріп жатыр. Нөмірі екінші турбинада турбоагрегатты орнату аяқталды. Қазіргі уақытта бу жолдарын - басты және негізгі монтаждау жүріп жатыр. Турбинаны іске қосу ағымдағы жылғы шілденің ортасына жоспарланған, тағы бір турбинада үшінші нөмірлі жабдықтарды жинақтау басталды. Бұл турбинаны жылдың аяғында іске қосу жоспарланып отыр. Екінші жылу агрегатында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Жабдықтарды орнату жүріп жатыр. Агрегат 2010 жылғы қарашаның соңында іске қосылады.

ЖЭО-ның төртінші кезегінің барлық жабдықтары іске қосылғаннан кейін, өндірілетін электр энергиясының көлемі 75 мегаватқа артады. Бұл дегеніміз өңірдің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, артық электр энергиясын көрші облыстар мен Ресейге сатуға да болады.

Соңғы жаңалықтар