09:15, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Қырғызстан Президентін ұлықтау салтанатына қатысу үшін Бішкекке жүріп кетті
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына жүріп кетті.

Бішкекте ҚР Үкіметінің басшысы жаңадан сайланған Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевты ұлықтау салтанатты рәсіміне қатысады.
Шақырылған қонақтардың ішінде - Түркия президенті Абдолла Гүл және Грузия президенті Михаил Саакашвили, Әзірбайжан премьер-министрі - Артур Раси заде, Тәжікстан премьері - Акил Акилов, Татарстан премьер-министрі Зиля Рахимьянова және басқалар бар. Барлығы 50-ге тарта жоғары мәртебелі қонақтар және шетелдік делегация өкілдері шақырылған.