ҚР Премьер-Министрі мен Иордания Премьер-Министрі арасында келіссөздер өтуде

Айта кетейік, Иордания Қазақстандағы приференциялар жүйесін пайдаланушы болып табылады. Қазақстанға Иордания тауарларының белгілі бір тізімдерін алып келген кезде кедендік алым-салықтары қазір қолданылып жүрген импорттық кедендік алымдар ставкасының 75 пайыз деңгейінде алынады. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, Қазақстан мен Иордания арасындағы тауар айналымы 2009 жылы 30,6 миллион долларды құраса, ал 2010 жылғы қаңтар-шілде айларында 12,9 миллион доллар болған. Сауда-саттықтың көлемін ұлғайтуға қабілетті жобалардың бірі Қазақстан астығын Иордания Королдігіне тұрақты жеткізуді жолға қою болып табылады. 2003 жылы Иорданияға 480 мың тонна, ал 2005 жылы 56 мың тонна астық импортталған. 2004 және 2009 жылдары екі ел арасында астық операциялары жүзеге асырылмаған.