21:42, 29 Желтоқсан 2014 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі мен Татарстан Президенті іскерлік әріптестікті нығайтудың мәселелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.
Кездесу барысында Қазақстан мен Татарстанның іскерлік әріптестігін одан әрі нығайтудың түрлі мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, индустриялық сектордағы, инвестициялық және инновациялық сфералардағы, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қаралды.