ҚР Премьер-Министрі Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын жоғары мемлекеттік награда - «Халық Қаһарманы» атағына ұсынды

ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтң кандидатурасын жоғары мемлекеттік марапат - «Халық қаһарманы» атағына ұсынды. Бүгін ҚР Үкіметі отырысында әділет министрі Рашид Түсіпбеков «Мемлекеттік наградалар туралы» Заңға тиісті толықтыруларды мәлім етті.
None
None

«ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов заңды негізде елдің Тұңғыш Президентіне «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені қоса тапсырылатын "Халық қаһарманы" атағын беру туралы ұсыныс жасады», - деді Р.Түсіпбеков.

Р.Түсіпбеков мемлекеттік награда Президентке Н.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет құрудағы тарихи рөлі ескеріле отырып берілетін болады, деп атап өтті.

«20 жылда Мемлекет басшысы тәуелсіз елдің іргесін бекітуде зор жұмыстар атқарды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ҚР Премьер-Министрінің ұсынысын қолдауларыңызды ұсынамын», - деп қосты Р.Түсіпбеков.

ҚР Үкіметі толықтыруларды қуаттады және бұл құжатты ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының қарауына жіберді».

«Бұл мен қол қойған ең маңызды құжат», - деп атап өтті Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар