ҚР Премьер-Министрі облыстық клиникалық ауруханада болды

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Үкіметінің басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары ауқымында Орал қаласындағы «Облыстық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында болды.
None
None

Ағымдағы жылғы маусымнан қараша айына дейін мұнда республикалық бюджет есебінен күрделі жөндеу жүргізілді, оған 152,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 37 млн. теңге бөлінді.

Премьер 50 кереуеттік заманауи медииналық жабдықтармен жарақтанған көз аурулары бөлімінің жұмысымен танысты. Мұнда көзге микрохирургия операциялары, күрделі емдеу шаралары жүргізілмек.

«Облыстық клиникалық аурухананың» көз аурулары бөлімі «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында биылғы жылғы қарашаның 10-ында ашылды.

Соңғы жаңалықтар