ҚР Премьер-Министрі « Ресейғарыш» басшысын 2017 жылы өтетін триатлонға қатысуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресейғарыш басшысы Игорь Комаровты 2017 жылы өтетін триатлонға қатысуға шақырды, бұл туралы ол өзінің туиттердегі аккаунтында жазды.
None
None

Кездесуге сондай-ақ атақты велошабандоз Андрей Кашечкин қатысты, ол Кәрім Мәсімовке «Байқоңыр» велоклубының футболкасын сыйлады, деп хабарлады Pm.kz.

«Кәрім Мәсімовтің спортты дәріптеуге баса назар аударатыны қуантады. Ол жеке басының мысалымен салауатты өмір салтының барлық маңызын көрсетіп келеді. Премьер бірнеше рет жарыс жолына шығып, спорттық даярлығы жоғары деңгейде екенін көрсетті. Бәлкім, сондықтан да көбісі дуатлон және триатлон сияқты спорт түрлерінің бар екенін білген де шығар», - деп әзілдеді спортшы.

Соңғы жаңалықтар