ҚР Премьер-Министрі Ш.Уәлихановтың атажұртында болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысындағы «Айғаным» тарихи-этнографиялық кешенінде болды, деп хабарлайды Pm.kz.
None
None

Мұражай тарихы туралы Премьер-Министрге мемлекеттік кәсіпорынның директоры Уәлихан Құлбаев әңгімелеп берді.  «Айғаным» кешені - Уәлихановтар әулетінің қонысы, мұнда ұлы қазақ ғалымы, тарихшысы және саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың әжесі тұрған. Мұражай кешені 19 ғасырда Айыртау ауданындағы Сырымбет шатқалында салынған.

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін Айғаным мекені бұзылып тасталған, ол тек 1991 жылы Шоқан Уәлихановтың туғанына 150 жылдығына орай қалпына келтірілген. Мұражайда этнографтың өмірі мен қызметі туралы сыр шертетін 6530 экспонат бар.

null 

Соңғы жаңалықтар