10:45, 08 Шілде 2010 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Солтүстік Қазақстан облысындағы «Баско» ЖШС ет комбинатында болды
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Бейсенбі, шілденің 8-і күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының аясында Тайынша ауданында орналасқан «Баско» ЖШС ет комбинатында болды.

Үкімет басшысы кәсіпорынмен қазіргі жағдайымен танысып, халықаралық сапа стандартына сәйкес отандық ет өнімімен қамтамасыз ету мәселелерін, Ресей Федерациясы нарығында ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаудың болашағын, сондай-ақ баға саясаты жайын талқылады.
Құны 5,4 млрд. теңге болатын ет комбинаты ағымдағы жылы маусымның 22-сі күні пайдалануға берілген болатын. Өнімді жабық түрде шығаратын кәсіпорын шошқа мен ірі мал басын сойып, одан әрі айналымға түсіруге арналған. Кең таңдаулы өнім Қазақстанның ішкі нарығына арналған. Кәсіпорында 175 адам жұмыс істейді.