ҚР Премьер-Министрі ССТӨБ металлпрокат зауытының жұмысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Рудный қаласындағы металлпрокат зауытына барды.
None
None

Рудныйда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «ССТӨБ» АҚ металлпрокат зауытына барды. Мұнда К.Мәсімовке өндіріс барысы таныстырылып, зауытта шығарылатын өнім көрсетілді, деп хабарлайды Pm.kz.

Бүгінгі таңда «ССТӨБ» АҚ - бұл Қазақстандағы темір кенін шығаратын және өңдейтін ең ірі кәсіпорын. Рудныйдағы өндіріс қала құраушы болып табылады - онда 19 мыңнан астам маман жұмыс жасайды.

Бірлестік құрамына Соколов, Сарыбай, Қашар және Құржұнқұл карьерлері, Соколов шахтасы, доломит кеніштері, кен дайындау және жентектеу кешендері кіреді. ССТӨБ негізгі өнімі темір кені жентектері және домна өндірісі үшін шикізат болып табылады. Өнім нәтижесінде Қазақстан, Ресей және Қытай кәсіпорындарына жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар