ҚР Премьер-Министрі Тегранда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының 10-шы саммитіне қатысуда

ТЕГРАН. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Иран Ислам Республикасының астанасы Тегранда өз жұмысын бастаған Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының 10-шы саммитіне қатысуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бір күнгі Саммитке сонымен қатар Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад, Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев, Пәкістан Президенті Асиф Әли Зардари, Түркия Президенті Абдолла Гүл, Ауғанстан Президенті Хамит Карзай, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов, Қырғызстан Премьер-Министрі Игорь Чудинов, Өзбекстан Сенатының спикері Илгизар Собиров қатысып отыр. Бағдарламаға сәйкес, Саммитте ЭЫҰ-ға мүше елдер ресми делегациялары жетекшілерінің барлығы баяндама жасайды. Басқосуда тараптар жаһандық экономикалық дағдарысты қосқанда өңірлік және халықаралық маңызды мәселелерді талқылайды деп күтілуде. Сонымен қатар, ЭЫҰ-ның қызметі, Ұйымның бұның алдындағы саммиттен кейінгі кезеңде қол жеткен табыстары, қауіп-қатерлер мен алдағы мүмкіндіктері қарастырылып, түрлі секторларда ілгері жылжудың қарқынын сақтауға арналған бағыттар белгіленбек. Одан кейін Ұйымға мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының шағын форматтағы отырысы өтеді. Оның ізін ала ЭЫҰ-ның наградаларын тапсыру салтанаты және Ұйымның пошталық маркасының таныстырылымы болады. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 10 саммитінің қорытындысы бойынша Тегран декларациясы қабылданады деп жоспарланып отыр. Саммит шеңберінде К. Мәсімов бірқатар екі жақты кездесулер өткізеді деп күтілуде. Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметінің басшысы Түркия Президенті Абдолла Гүлмен, Түркіменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездеседі деп жоспарлануда.ЭЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының саммитіне қатысушы қазақтандық ресми делегацияның құрамында - Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко, Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, Ирандағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев бар. 1985 жылы құрылған ЭЫҰ үкіметаралық өңірлік бірлестік болып табылады. Ұйым үш құрылтайшы мемлекет ? Иран, Пәкістан және Түркия 1977 жылы наурызда қол қойған Измир келісімшарты жарғысының негізінде қызмет жасайды. Қазір Ұйымға барлығы 10 мемлекет мүше. Қазақстан ЭЫҰ-ның құрамына 1992 жылы кірді. Сол сәттен бастап Қазақстан өзін өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастық үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде көрсетіп келеді. Қазақстанның ЭЫҰ-мен ынтымақтастығында көлік және коммуникация, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту, энергетика және қоршаған ортаны қорғау басымдыққа ие.
Соңғы жаңалықтар