ҚР Премьер-Министрі Үкімет жанынан кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесін құру жөнінде кеңес өткізді

СТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет жанынан кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесін құру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Премер-министрінің баспасөз қызметі.
None
None

Кеңестің жұмысына орталық атқарушы органдардың және қоғамдық, экономикалық, іскерлік, қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бірыңғай үйлестіру кеңесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жылғы ақпанның 26-сында ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлік кеңесі отырысының барысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында құрылмақ.

Үкімет жанында осы кеңесші орган құрылуымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының мақсаттарын, елді жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын жүзеге асыруда бірлескен шешімдер қабылдау ісінде мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіру үшін тиімді алаң пайда болады. Бұдан басқа бірыңғай үйлестіру кеңесі дағдарысқа қарсы кеңестің, әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі комиссияның және бизнесті жүргізу жөніндегі жұмыс тобының қызетін өзіне алып, біріктіреді, және бұдан бұрын жасалған өзара іс-қимыл тетіктерін сақтап, сабақтастықты қамтамасыз етеді. Осыған байланысты кеңес стратегиялық экономикалық міндеттер мен кәсіпкерліктің ағымдағы проблемаларын жедел шешуді және бірлескен ұстанымдарды және жан-жақты диалогты жүргізуді қамтамасыз етеді.

«Атамекен» ҰЭП, Қазақстан кәсіпкерлері форумы, елдің сауда-өнеркәсіптік палатасы, отандық қаржыгерлер, экономистер бірлестіктері және бірқатар салалық бизнес-қоғамдастықтар өкілдері жаңадан құрылғалы отырған кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесінің жұмысына белсене қатысуға әзір екендіктерін білдірді.

ҚР Премьер-Министрі талқылау қорытындысы бойынша қысқа мерзімнің ішінде кеңес құру жөніндегі Үкімет қаулысын әзірлеуге және келесі аптаның өзінде жаңа кеңесші органның алғашқы отырысын өткізу жөнінде тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар