11:57, 27 Маусым 2016 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

Премьер-Министрмен бірге Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек сапарлады.
К.Мәсімов жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралайды. Күннің екінші жартысында Теміртау қаласында қорытынды жиын өтеді.