15:35, 07 Шілде 2016 | GMT +5
ҚР Премьер-Министріне Байқоңыр қаласын дамытудың Бас жоспары таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысында жұмыс сапары барысында Байқоңыр қаласының дамуының бас жоспарымен танысты, деп хабарлады Pm.kz.
Баяндамашылар Кәрім Мәсімовке жапсарлас Төретам және Ақай елді мекендерімен қоса, қаланың дамуының бас жоспарын таныстырды. Кеңеске қатысушылар Байқоңыр қаласын Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қаржысы есебінен қаржыландыру туралы мәселені талқылады.
Аталған мәселеге қатысты қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев баяндама жасады.
Айта кетейік, Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының жалға берілу шартындағы әкімшілік-аумақтық бірлігі болып табылады. Қала халқының саны - 75,8 мың адам, оның ішінде 47,7 мың адам - Қазақстан Республикасының азаматтары.