ҚР Премьер-Министрінің Қостанай облысына жұмыс сапарының қорытындысы шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен жеке өзі танысты. Кәрім Мәсімов Қостанай аграршыларының проблемалы мәселелерін қарады, деп хабарлайды Pm.kz.
None
None

Премьер-Министрдің жұмыс сапары дәстүрлі Қостанай әуежайының қауіпсіздігін тексеруден басталды. Өңірлерге сапары барысында К.Мәсімов көлік инфрақұрылымы нысандарында, атап айтқада әуежайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін айрықша бақылауда ұстап отыр. Қостанай әуежайына қатысты К.Мәсімов өзінің твиттердегі аккаунтында: «Қостанай әуежайының жұмысымен таныстым. Қайта жөндеуді қажет етеді» деп жазды. 

Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын шағын ауданы құрылысының сапасын бағалады. Айта кеткен жөн, мемлекет пен жеке инвесторлар тарапынан тұрғын үй құрылысы саласындағы белсенді саясат құрылыстың жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік берді.

Сонымен, 2016 жылы 89,6 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,6%-ы пайдалануға берілген.

Бұдан әрі К. Мәсімов зауытты аралау барысында экспортқа жіберілетін қазақстандық автокөліктерді жеке сынап көрді.

Сол күні ҚР Премьер-Министрі екі кеңес өткізді. Олардың бірі - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аясында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша. - «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыс істегелі бері жұмысында маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрлік жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша халықтың 79 % ұйымның жұмыс сапасына риза.

Екінші кеңес - облыстың бір кәсіпорнында агроөнеркәсіп секторының өкілдерімен. Күн тәртібінде өңірде мал шарушылығын дамытудың жағдайы мен перспективаларын талқылау тұрды. ҚР Премьер-Министрі жағдаймен танысып, Қостанай облысындағы мал шаруашылығын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Премьер-Министрінің Қостанай облысына жұмыс сапары барысының тікелей таратылымын live және Periscope режімінде ресми парақшаларда көруге болады: https://www.facebook.com/pmkzofficial/ және https://twitter.com/pmkz_site.

Соңғы жаңалықтар