ҚР Премьері Француз Республикасына жұмыс сапарымен аттанды

ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат / Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов екі күндік жұмыс сапарымен Француз Республикасына жұмыс сапарымен аттанды.
None
None

К.Мәсімов Парижде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) тұрақты кеңесі отырысына қатысады және бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Францияға жасаған сапарының аясында К.Мәсімов ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесіп, Қазақстанның Ұйымға мүше болу ниетін жария еткен еді.

ЭЫДҰ әлемнің ең дамыған 34 елінің басын қосатын ұйым, олардың қатарында Ұлыбритания, Канада, Швейцария, АҚШ және басқа елдер бар. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60%-ы Ұйымға мүше елдердің үлесіне тиесілі.

Соңғы жаңалықтар