20:10, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
ҚР Премьері ТҮРКСОЙ қатысушы мемлекеттері мәдениет министрліктерінің басшыларымен кездесті
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ТҮРКСОЙ қатысушы мемлекеттері - Түркия, Түркіменстан, Әзербайжан мен Қырғызстанның мәдениет министрліктерінің басшыларымен кездесті.

Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының pm.kz сайтында хабарланыпты.
Кездесуге Қазақстанның Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қатысты.
Әңгіме барысында халықаралық ұйым шеңберіндегі ықпалдастық, сонымен қатар түркітілдес мемлекеттер арасында мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайта түсу мәселелері талқыланды.