ҚР Премьр-Министрінің орынбасары Е.Орынбаев Париждегі ЭЫДҰ конференциясына қатысып, француз үкіметінің және ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

француз үкіметінің және ірі компаниялардың басшыларымен кездесті.
Францияның экономиканы қалыптастыру жоспарын жүзеге асыру министрі Патрик Деведжянмен кездесуде екі ел үкіметінің дағдарысқа қарсы қолданған шараларының нәтижесі мен тәжірибесі туралы пікір алмасу болды. Е.Орынбаев танымал француз саясаттанушысын біздің елдің қазіргі экономикалық жағдайы, дамудың болашағы мен артықшылықтары туралы хабардар етті.
П. Деведжян Қазақстанда болып жатқан экономикалық қайта құрулар шараларын, біздің елдің дағдарыс салдарларын жеңіп, дағдарыстан кейін дамуға нақты дайындық жасап отырғанын жоғары бағалады.
ҚР Елшісі Нұрлан Дәненов қатысқан Франция үкіметінің баспасөз хатшысы-Ұлттық білім беру министрі Люк Шательмен арадағы әңгіме барысында білім беру саласындағы мәселелер талқыланды. Е.Орынбаев Қазақстандағы білім беру реформасының үдерістері туралы, Президент университеті сияқты стратегиялық маңызды жобалардың жүзеге асырылғандығы жайлы әңгімеледі. Л. Шатель жоғары білім беру мен ғылым саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, соның ішінде қазақстан-француз техникалық оқу орнын құруға қолдауын білдірді.
Қазақстандық делегацияның «Қаржы дағдарысының сыртында: Орталық Азиядағы бәсекеге қабілеттілікті дамыту мен қолдау туралы саясат» тақырыбында Орталық Азия елдерінің министрлері қатысқан конференцияға атсалысуы Қазақстан мен ЭЫДҰ өзара іс-қимылының жаңа сапалы сатысы болды.
ЭЫДҰ бас хатшысының орынбасары Ричар Баучермен болған кездесуде ҚР үшін маңызды болып табылатын мақсатты келісімдерге қол жеткізілді. ЭЫДҰ-ның Орталық Азия бойынша Қадағалаушы комитетіне Қазақстанның толық мүшесі болу туралы келісімге қол жеткізілді.
Француз үкіметінің мүшелері мен ірі компаниялар жетекшілерінің, халықаралық сарапшылардың пікірінше, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жемісті саясаты қазақстандық экономиканы ғана нығайтып қоймай, еуропалық кеңістіктегі экономикалық және саяси үдерістерді алға бастыра отырып, аймақтың тұрақты дамуына ықпал етіп отыр.