15:50, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
ҚР Премер-Министрі ЭЫҰ-ның ғылым мен жаңа технологияларды дамыту жөніндегі өкілдігін Алматы қаласында ашуды ұсынды
ТЕГРАН. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Бүгін Иран астанасы Тегранда өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының 10-шы саммитінде ҚР Премьер- Министрі Кәрім Мәсімов Ұйымның ғылым мен жаңа технологияларды дамыту жөніндегі өкілдігін Алматы қаласында ашуды ұсынды,
деп хабарлады ҚазАқпарат.«Қазіргі заманғы жағдайда Экономикалық ынтымақтастық ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Ұйым дамуының жаңашыл стратегиясын қалыптастырған жөн. Бұл ретте мүше елдердің негізгі күш-жігерлерін барынша перспективалы жобаларын жүзеге асыруға жұмылдыру қажет. Осылай істеу арқылы 2010 жылы күш-жігерді қаржылық-экономикалық салаға жұмылдыруға, ал 2011 жылды жаңа технологияларды дамыту жылы деп жариялауға болады. Сондықтан Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының ғылым мен жаңа технологияларды дамыту жөніндегі өкілдігін Алматы қаласында ашуды ұсынады», деді Саммите К. Мәсімов. Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, бұл өкілдік Экономикалық ынтымақтастық ұйымының қызметін Орталық Азия өңірінде жүзеге асыруға ықпал ететін болады және жаңа технологиялар саласындағы өзара басым қатынастарды идентификациялауға, индустриялық-инновациялық дамуға септігін тигізеді. Үкімет басшысы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының қызметі Ұйымның перспективадағы 2015 жылға дейінгі бағдарламалық құжатына сәйкес, өңірлік ынтымақтастық дамуының жаңа фазасына еніп отыр.