ҚР Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді», - делінген Ақорда мәліметінде.


Фото: akorda.kz





Соңғы жаңалықтар