ҚР Президенті кубогында «Барыс» қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогында 3-орын үшін иегері анықталды.

Барыс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қола жүлде үшін елордалық «Барыс» пен Ресейдің «Амур» командалары кездесті.

Ойын барысында ресейлік командадан Артур Гиздатуллин 10-минутта есеп ашса, «Барыс» сапынан Уэйд Эллисон 18-минутта таразы басын теңестірді.

Ресейлік клубтан Девин Броссо 38-минутында қайтадан «Амурды» алға шығарса, Әлихан Жүсіпбеков 44-минутта елордалық клуб сапындағы алғашқы шайбасын соқты.

Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда «Барыс» жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша қарсыласынан 3:2 есебімен басым түскен елордалық клуб турнирдің қола жүлдесіне ие болды.

Енді елордалық команда 20-25 тамыз аралығында Ресейдің Омбы қаласында өтетін «Блинов Кубогы» маусымалды турнирінде бақ сынайды. Олар Ресейдің «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір), «Трактор» (Челябі) және «Авангард» (Омбы) ұжымдарына қарсы ойнайды.

ҚР Президенті кубогы финалында Қазақстан олимпиадалық құрамасы мен Ресейдің «Лада» (Тольятти) командалары сынға түседі. Басталуы 17:00-ге белгіленген.

Соңғы жаңалықтар