00:26, 18 Наурыз 2017 | GMT +5
ҚР Президенті Әбілязов жайында: Бір рет сатқындық жасағандарға қайтып сенбеймін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін отандық телеарналардан көрсетілген республикалық БАҚ өкілдеріне сұхбаты барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар облыс әкімін ауыстыру себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жас жігіттерді министр етіп тағайындадым. Ана Әбілязовтың өзі небәрі 30 жасында министр болып еді. Барлық уақытта оған жақсылық жасадым, сүрінді. Екінші рет те кешір, ал үшінші рет қош айтыс. Мен осы пікірді ұстанамын. Жалпы, мен өзім бір рет сатқындық жасағанға қайтып сенбеймін. Мен мұны дұрыс деп санаймын. Мүмкін қатаң болуы да мүмкін, бірақ дұрыс. Ол міндетті түрде тағы да солай жасайды», - деді Елбасы.
ҚР Президенті осы ретте арнайы мемлекеттік қызмет туралы заңның қабылданғанын еске салып өтті.