13:24, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
ҚР Президенті арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Заң арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.