ҚР Президенті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның инвестициялық жобаларының іске қосылуына қатысты

РАҒАНДЫ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары аясында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да болды.
None
None

Елбасы еліміздің Индустрияландыру картасына енгізілген кәсіпорынның жүйесін қалыптастырушы екі ірі инвестициялық жобаның іске қосылуына қатысты. Бұлар №2 домна пешін қайта құрастырудан өткізу жобасы мен №3 үздіксіз құйма шығаратын машинасы. Металлургия комбинатында Елбасын «АрселорМиттал» компаниясының басшысы Лакшми Миттал мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Махадеван қарсы алды.

Елбасы Н.Назарбаев тетікті басу арқылы жаңа үздіксіз құйма шығаратын машинаны іске қоса отырып, металлургтерді осы айтулы сәтпен құттықтады.

Компанияның мәліметінше, жаңа үздіксіз құйма шығаратын машина құрылысының құны 5,5 млрд. теңгені құрайды. Оның қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна өнім шығару. Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы кәсіпорынның өнімділігін жылына 4 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік туады.

Ал домна пешінің қайта құрастырылуына компания 15 млрд. теңге инвестиция салған. «Күрделі жөндеуден кейін пештің өніміділігі жылына 1,3 млн. тонна шойын шығаруға дейін жетеді. Пештің барлық бөлігіне заманауи құрылғының орнатылуы жобаның бірегейлігін танытады. Жаңа электрсүзгіштер қоршаған ортаға шығатын зиянды қалдықтардан сақтайды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на барғаннан кейін Н.Назарбеав Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойына орай металлургтер қаласында бой көтерген жаңа тарихи-мәдени орталықпен таныс болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Күннің бірінші жартысында ҚР Президенті Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап салынған жаңа әлеуметтік нысандарды, атап айтсақ, теннис және бокс орталығы, мұз айдыны, сондай-ақ мешітті аралады.

Сапардың екінші күні ҚР Президенті Қарағандыдағы ауыл шаруашылығы ұшақтарын шығаратын «ҚазАвиаСпектр» ЖШС жаңа зауытына ат басын бұрады. Осы жерде он-лайн режимінде инвестициялық және әлеуметтік жобалар іске қосылатын телекөпір өткізілмек.

Содан кейін, Мемлекет басшысы егемендіктің мерейтойы жылында облыс орталығында бой көтерген Тәуелсіздік монументін көреді.

Соңғы жаңалықтар