ҚР Президенті «Дамуға ресми көмек туралы» Заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
None
None

Заң Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек көрсету саласындағы қатынастарын регламенттейді. Сондай-ақ, Елбасы Республика заңнамасын «Дамуға ресми көмек туралы» Заңға сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар