15:46, 10 Желтоқсан 2011 | GMT +5
ҚР Президенті «Халық қаһарманы» атағынан бас тартты
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Қазмедиаорталық» телерадиокешенінде болған баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Халық қаһарманы» атағын беретін Заңға қол қоймайтындығын айтты.

Бүгін Сенат қабылдап, заңмен бекітілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне қатысты Н. Назарбаев, мұндай мерекеге қарсы еместігін мәлімдеді. Бұл ретте Елбасы бұндай мерекенің көптеген елдерде бар екенін атап өтті.