ҚР Президенті Қарағанды облысында сәби өлімін азайтуды тапсырды

«Бізде 2014 жылдың 7 айы ішінде ана мен бала өлімінің 147 дерегі тіркелді. Әрбір жағдайды егжей-тегжейлі тексердік», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жанар Бекбанова «Сарыарқа» АЭА-нда болуы барысында Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте баяндады.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, өлімнің 80 пайызы туа бітті патологиямен байланысты.
«11,5 пайызы - қайтаруға болмайтын себептер, балалардың өлімі, үйдегі бақытсыздық жағдай. 8,5 пайызы ғана дәрігерлердің кінәсі, яғни медициналық көрсеткіштер бар», деп түсіндірді Ж.Бекбанова.
Ол перинатальдық орталықтарға 700 млн. теңгеге арнайы жабдықтар сатып алынғанын қосты.
«Талдаңдар және бұл көрсеткішті шұғыл төмендету үшін шара алыңдар. Бұл облыста жағдай онша емес екенін көрсетеді. Егер адамдарға көмектесе алмасақ, көмір, металл ешкімге керек емес», - деді Мемлекет басшысы.