ҚР Президенті: Қазақстан мен Швецияның экономикалық ынтымақтастығына серпін беру маңызды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Швецияның экономикалық ынтымақтастығына серпін беру маңызды. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалған бірқатар шетелдік дипломаттан сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Швециямен ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән береміз. Екіжақты байланысты жоғары деңгейде жандандыру, экономикалық ынтымақтастыққа серпін беру маңызды. Биылғы қазан айындағы швед-қазақстандық іскерлік кеңесінің құрылғанын қуана құптаймыз. Бұл құрылым екі елдің бизнесі арасындағы байланысты орнатуға ықпал етеді деп үміттенеміз», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президентіне Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян, Швеция Елшісі Кристиан Камилл, Чех елшісі Элишка Жигова, Литва елшісі Витаутас Наудужас, Мысыр елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим, Үндістан Елшісі Харш Кумар Джайн, Македония Елшісі Илья Псалтиров, Қытай Елшісі Чжан Ханьхуэй сенім грамотасын табыс еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар