12:26, 11 Қараша 2013 | GMT +5
ҚР Президенті Қазақстан және Корея Республикаларының арасындағы Балқаш ЖЭС-іне қатысты Хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы

Балқаш жылу электр стансасын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.