03:13, 11 Ақпан 2022 | GMT +5
ҚР Президенті Қазан қаласына келді
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына келді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

«Мемлекет басшысы Қазан қаласына келді. Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.
Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан Президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан «Камаз» және «Танеко» сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады» деп жазды ол.
