19:42, 10 Қазан 2012 | GMT +5
ҚР Президенті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ш. Беркімбаеваға алғысхат жолдады
АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Шәмшә Беркімбаеваның 70 жылдығына арналған «Қазақстан қоғамын әлеуметтік жаңғырту жағдайындағы білім мен педагогикалық ғылым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Министр құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты түрде педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ш. Беркімбаеваға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхатын табыс етті.
Айта кетейік, Беркімбаева Шәмшә Көпбайқызы 2002-2003 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрі болды, 2003 жылдан бастап 2011 жылға дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры қызметін атқарды.
Салтанатты шара Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтті.