ҚР Президенті кубогы: Сәния Сұлтанқызы финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті кубогы үшін бокстан Халықаралық турнирдің жартылай финалында екі боксшы қызымыз кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

57 келі салмақ дәрежесінде Сәния Сұлтанқызы мен Владислава Куxта финалдың жолдамасын өзара сарапқа салды. Екеуі де бір-біріне дес бермеді. Владислава Куxта жылдам қимылдап, қарсыласына үнемі қысым жасап жүрді. Ал Сәния Сұлтанқызы боксқа кеш келсе де, тәжірибелі спортшы екенін көрсетті. Қорғаныста жүріп, ауыр соққыларын дарыта білді. Екінші раундта шабуылға көшті, қарсыласына қысым көрсете бастады. Бойы аласа болса да, өз соққыларын дәл тигізді. Төрешілер шешімі бойынша Сәния Сұлтанқызы 5:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты. Ал Владислава Куxта қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, бүгін алғашқы жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жапондық Намики Цукумиден ұтылып, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Соңғы жаңалықтар