ҚР Президенті Кубогында 15 елдің боксшылары өзара мықтыны анықтайды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Санаулы сағаттардан кейін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі үшін бокстан VI Халықаралық турнир басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бокс бойынша ҚР Президентінің Кубогына 15 елдің өкілдері, атап айтқанда Беларусь, Үндістан, Ресей, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Швеция, Тәжікстан, Тайланд, Түрікменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстанның 180-ге жуық спортшысы қатысады. Олардың 140-ы ер, 40-ы әйел спортшылар.

Жарыс ерлер арасында 10 салмақ дәрежесі мен қыздар арасында 4 салмақ дәрежесі (51, 57, 60, 75 келіге дейін) бойынша өтеді.

Мәселен, Таиланд атынан 17 спортшы, Өзбекстаннан 16, Үндістаннан 14 спортшы қатысады. Бұл елдер - басқаларына қарағанда ең көп спортшы әкелген мемлекеттер. Кубокқа қатысушылардың басым көпшілігі - ұлттық командалардың ең белді боксшылары болып отыр. Мысалы, Өзбекстан командасында екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбай Дусматов пен Шахобиддин Зоиров, Тайланд елінің өкілі, екі дүркін әлем чемпионы Вуттичай Масук және 2015 жылғы континент чемпионы Чатчай Бутди, Филиппин елінен өткен жылғы ҚР Президентінің Кубогі чемпионы Карло Палаам, Оңтүстік-Шығыс Азия ойынының екі дүркін чемпиондары, әлем чемпионатында Данияр Елеусіновпен кездескен Чарли Суарез пен Эумир Марсиаль келген.

Қазақстан бокс федерациясы турнир чемпиондары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы (1 орын - 2 мың доллар, 2 орынға - 1 мың доллар, 3 орынға 500 доллар) беріледі.

Ақтық жарыс 10 маусымда сағат 13:00-де басталады. 

Соңғы жаңалықтар