ҚР Президенті мен Еурокеңес басшысы екіжақты ынтымақтастықты және халықаралық жағдайды талқылауда

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссельде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуропалық Кеңес басшысы Дональд Тускпен кездесуі басталды.

Кездесу алдында Н.Назарбаев пен Д.Туск қол алысты және келіссөздер өткізуге бет алды.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы қатынастарды дамытудың жай-күйі мен келешегіне қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылайды деп күтілуде. Сонымен бірге, халықаралық күн тәртібінің өзекті қырлары бойынша пікір алмасады.

Еуропалық одақ Қазақстанның негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі. ЕО үлесіне қазақстандық сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы және Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік капиталдың 50%-ы тиесілі.

Соңғы 10 жылда Еуроодақ елдерінен Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестиция көлемі 107,4 млрд. АҚШ долларын (барлық инвестиция көлемі - 218 млрд АҚШ доллары) құрады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ЕО-ның энергетикалық саладағы сенімді әрі жауапты әріптесі ретінде танылды. Қазақстан Еуропаға энергия тасымалдау көлемі бойынша ОПЕК-ке мүше емес елдер арасында Ресей және Норвегиядан кейін үшінші орын алады.
Еуропаның бірқатар елдерінде Қазақстаннан жеткізілетін мұнайдың үлесі жоғары. Атап айтқанда, Австрияда 25%, Румынияда - 30%. Қазақстан Германияға энергия ресурстарын тасымалдаушы елдер арасында төртінші орында.
Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары басталған болатын. Д. Тускпен келіссөздерден кейін Еуропалық комиссия төрағасы Ж.-К. Юнкермен кездесу өткізу жоспарланған.

null null

Соңғы жаңалықтар
telegram