ҚР Президенті Нидерланды Королімен кездесуде

ГААГА. ҚазАқпарат - «Хейс Тен Босс» корольдік сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Нидерланды Королі Виллем-Александрдың кездесуі өтіп жатыр.
None
None

«Хейс Тен Босс» - Нидерланды Королінің негізгі тұрғылықты жері. Голланд тілінен аударғанда резиденция «Ормандағы үй» деген мағынаны білдіреді. Резиденцияны голландтық дәстүрлі нышанда XVII ғасырдың орта кезінде Питер Пост және Якоб ван Кампен есімді сәулетшілер тұрғызған.

Виллем-Александр 1967 жылы 27 сәуірде Утрехт қаласында дүниеге келген. 2013 жылдың 30 сәуірінде өзінің анасы, ханым Беатрикс тақтан бас тартқаннан кейін Нидерланды Королі атанды. Лейден университетін (1987-1993) тәмамдаған ол мамандағы бойынша тарихшы. Болашақ конституциялық монарх ретінде Виллем-Александр түрлі мемлекеттік мекемелерде және әскерде тағылымдамадан өтті. 1985 жылы он сегізге толғаннан кейін ол Мемлекеттік Кеңесте орынға ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, Нидерланды Премьер-министрі Марк Рюттеннің шақыруымен және Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік бойынша үшінші Саммиттің қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерландыда ресми сапармен жүр.

Соңғы жаңалықтар