ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чех Республикасына алғашқы ресми сапармен барады

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - 23-24 қазанда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Чех Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Сапар барысында Елбасы Чехия Президенті Вацлав Клаус пен Премьер-министр Петр Нечаспен кездеседі.

Тараптар  20 жыл ішіндегі екіжақты қарым-қатанасардың негізгі даму бағыттары туралы, сауда-экономикалық, ғылыми, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жайлы мәселелерді талқыламақ.

Сапар аясында 24 қазанда Прагада екі елдің іскер топтарының қатысуымен қазақстан-чех бизнес-форумы өткізіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 76 чех кәсіпорны мен ресми тіркеуден өткен 20 фирма өз қызметін атқаруда.

2011 жылдың қорындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 211,7 млн.долларды құрады (экспорт - 48,4 млн. долл., импорт - 163,3 млн. долл.). Бұл 2010 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2 пайызға жоғары.

2012  жылдың қаңтар-тамыз айларының қорындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 208,3 млн. доллар болды, бұл 2011 жылдың қаңтар-тамыздағы көрсеткіштерімен салыстырғанда 38 пайызға көп.

1994 жылдан бастап 2012 жылдың 31 наурызына дейінгі Чехияның Қазақстанға құйған инвестициясы 220 млн. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум