ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мэрі Юрий Лужковты қабылдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстан мен Мәскеудің ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы олардың даму қарқынына қанағаттанатынын білдірді және Қазақстанның мәскеулік компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құруға, инновациялық жобаларды іске асыруға мүдделілігін мәлімдеді.
Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мэріне Қазақстанға, оның халқына және елдің тікелей Президентіне көрсетіп отырған құрмет сезімі үшін алғыс айтты.
- Мен үшін Астана күніне және Сіздің туған күніңізде осында келу жоғары құрмет және үлкен қуаныш. Біз мемлекеттің келбеті қалай өзгеріп отырғанын көріп отырмыз, Қазақстанның әлемде беделі күшейе түсуде, Астана бейнесі құлпырып келеді, - деді Ю.Лужков.