ҚР Президенті: Отанымыздың тәуелсіздігін, шекарасының бүтіндігін қорғайтын жауынгер болу - зор құрмет

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат -  Отанымыздың тәуелсіздігін, шекарасының бүтіндігін қорғайтын жауынгер болу - зор құрмет.
None
None

Бүгін  Ақордада бірқатар әскери қызметшіге арнаулы атақтар мен шендерді табыс еткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Бүгін әскери қызметшілерге табысталған әскери шендер мен арнаулы атақтар оларға қызметтегі зор табысы, әрі Отан қорғау ісіндегі жетістіктері үшін берілгендігін баса айтқан Елбасы: «Бүкіл әлем сыйлайтын біздің елдің азаматы болу, Отанымыздың тәуелсіздігін, тыныштығын, шекарасының бүтіндігін қорғайтын жауынгер болу - зор құрмет»,-деді.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, еліміздің Қарулы күштері қазіргі уақытта халық арасында зор беделге ие болып отыр. Бұл еліміздің әскери күшіміздің өсіп-өркендеп келе жатқандығын білдіреді.

«Қиындықтарға қарамастан біз әскерімізді жарақтау, жеке құрамдарды барлық қажеттілікпен қамтамасыз ету үшін қаржы аямаймыз»,-деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар